Ақылы жолдарда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар іске қосылды

фото ҚР ІІМ
Ағымдағы жылдың 17 наурызы таңғы сағат 08:00-ден бастап, Түркістан облысындағы бүкіл ақылы жолдарда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар іске қосылады.
Осыған байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті барша азаматтарға жолда жүргенде жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.