Мешітте 800 000 теңгелік сырт киімді ұрлап кеткен

52

 

     Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады. Ер адамның айтуынша, қаладағы орталық мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілгіште тұрған,  құны 800 000 теңгелік сырт киімін ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы “ұрлық” бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Оқиға болған жердегі бейнекамераларды тексеру кезінде күртешені киіп, “ізін суытуға” асыққан жігіт көзге түсті. Полицейлер оның жеке басын анықтап, қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қымбат күртеше иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталып жатыр.