Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — өлім-жітімнің жоғары ықтималдығын тудыратын жұқпалы ауру.
КҚГҚ-ның негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері болып табылады. Кенелер үй, жабайы жануарларда паразиттік тіршілік етеді және кенелер көбіне кеміргіштердің індерінде, мал қораларында болады.
Кенелер әдетте күн жылына бастағанда жаппай шыға бастайды, олардың шағуынан зардап шеккен адамдардың көбі көктем-жаз айларында тіркеледі.
Жұғу жолдары:
— кенелер тікелей шаққанда;
— КҚГҚ-мен ауыратын адаммен байланыста болған кезде қан арқылы;
— кене басқан ауыл шаруашылығы малдарын бағу кезінде (кенелерді малдан алу, қайшымен қырқу және кенелерді қолмен алып тастау кезінде).
Ауру жұқтыру қаупі жоғары адамдар:
— жануарларды бағумен (шопандар, малшылар, сақманшылар, сауыншылар, ветеринарлық қызметкерлер), сондай-ақ оларды табиғи ошақтың аумағында союмен немесе бөлшектеумен айналысатын адамдар;
— КҚГҚ-мен ауыратын науқастың қанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен қорғалмаған байланыста болған медицина қызметкерлері;
— кез келген адам, егер олар эндемиялық аймақта болғанда жұқтырған кенемен байланыста болса.
Аурудың басталуынан бастап белгілердің пайда болуына дейін 2-ден 14 күнге дейін созылады. Ауру жіті дамиды, дене температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, бастың ауыруы, қалтырау, беттің, сілемейлі қабықтардың қызаруы, әлсіздік, бұлшықеттің, буынның ауыруы, жүрек айну, құсу және 2-4 күннен кейін мұрынның, қызыл иектің қанауы, дененің, сілемейлі қабықтардың, инъекция орнының қанталауы байқалады, ішкі ағзалардан қан кетуі мүмкін.
Науқастар жұқпалы аурулар ауруханаларында емделеді.
КҚГҚ-ны жұқтырмау үшін:
— табиғатқа шыққан кезде киімге себу үшін және белгілі бір уақыттан кейін кенелерді үркітетін құралдарды (аэрозольді репелленттерді) пайдалану;
— киімге түскен кенелерді уақтылы табу үшін өзін-өзі және бір-бірін қарап тексеру;
— ауыл шаруашылығы жануарларын қырқу және жүнді өңдеу барысында қорғаныш киім және қолғап пайдалану.
— жануарларды, мал қораларын және табиғи ошақтарда орналасқан елді мекендердің тұрғын үй-жайларын кенеге қарсы өңдеу қажет.
Егер КҚГҚ ауруын емдеу уақтылы басталмаса, ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, кене шағып алған кезде тез арада медициналық көмекке жүгіну абзал.
М.Қ. Сейдалиева,
Шымкент қаласы Тұран ауданының
СЭББ бас маманы