Úı OŃ RABAT Oń Rabat DENSAÝLYQ Адам папиллома вирусы

Адам папиллома вирусы

ХХ ғасырдың басында И.И.Мечников алғаш рет әртүрлі соматикалық аурулар, сонымен қатар қатерлі ісіктер мен белгілі бір микроорганизмдер арасында байланыс бар екендігін тұжырымдады. Бүгінгі күнде вирусты гепатит В (73 %) және С (27 %) бауыр ісігінің дамуына, Helicobacter pylori (55 %) асқазан ісігі, ал адам папиллома вирусы – жыныс мүшелеренің ісігінің дамуына ықпал етеді.

Қауіп факторлары:

  • Шылым тарту;

  • Сексуалды факторлар (ерте басталған жыныстық өмір, жиі партнер алмастыру);

  • Ішкі факторлар (авитаминоз, әлсіз иммунитет, стресстер)

  • Қынап микрофлорасының бұзылысы,жүктілік;

  • Репродуктивті факторлар (менархе, менопауза);

  • Оралды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау;

Жұғу жолдары:

  • Адам папиллома вирусы антропонозды қоздырғыштар тобына жатады (адамнан—адамға).

  • Вирус өзінің өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады (бассейн, монша);

  • Жыныстық жолмен беріледі. Ең қауіпті жас 17-25 жас аралығын құрайды, осыдан соң 35 жасқа дейін төмендеп, 35-54 жас аралығында жұқтыру жиілігі жоғарылайды.

  • Вертикалды жол арқылы беріледі.

Алдын алу:

  • Салауатты өмір салтын ұстану;

  • Вакцина салдыру;

  • Скринингтік тексерулерден уақытында өту.

Бақдаулет Төлеген

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру

орталығының үйлестірушісі