Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінің арнайы техникалық аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Аталған әскери бөлімнің ресми өкілдерінің хабарламасына сәйкес, жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары 2025 жылдың 27 наурызы мен 8 қараша айы аралығында күнделікті сағат 9.00 мен 18.00 аралығында жүргізіледі.
Оқ-дәрілерді жою жұмыстары кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Арыс қаласы тұрғындарына төніп тұрған қауіп жоқ.
Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының мұқият бақылауында. Сондықтан да тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырамыз.
Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.