ОҚО-да сапасыз пиротехникаларға рейд басталды

333
Отшашуларден қауіп көп екендігін барлығымыз білеміз, бірақ басымызға іс түскенде ғана білеміз
Отшашуларден қауіп көп екендігін барлығымыз білеміз, бірақ басымызға іс түскенде ғана білеміз
Отшашуларден қауіп көп екендігін барлығымыз білеміз, бірақ басымызға іс түскенде ғана білеміз

Бүгінде жаңа жылдық тауарлардың саудасы қызып тұр. Жасанды жасыл шыршаның түбінен әшекей ойыншықтардан бастап отшашуларға дейін табуға болады. Сатушылар биыл біраз өзгерістер бар дейді. Айтуларынша, тек сапалы өнімдерді ғана ұсынып отыр.

Айгүл Сәрсенбаева, сатушы: «Сатып  жатқанымыз тек оригинал. СТИК лицензиясы сертификаты бар. Рұқсат та бар. Балаларға бермейміз, ата -аналарына ғана сатамыз. Қалай пайдалану қажеттігін де айтамыз».

Қалай болғанда да оқыс оқиғаның алдын алу үшін тексеру жұмыстары қолға алынды. Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік    қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы  мамандары жоспарға сәйкес мектептер мен өзге де қоғамдық орындарда жарылғыш заттарды пайдалану ережелерін түсіндіруде. Оған қоса қатаң кезекшілікті де қолға аламыз дейді.

Бақытжан Запаров, Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік    қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы өкілі: » 24 желтоқсаннан  бастап ІІД қызметкерлерімен рейд жүргізудеміз. Қорытындысы әлі шығарылған жоқ, алайда  сертификатталмаған пиротехникалық заттар  анықталды. Профилактикалық іс-шаралар қаңтардың ортасына дейін жалғасады. 31 желтоқсанда   басты  Шырша мерекесі  өтетін алаңда біз ІІД өкілдерімен кезекшілік жүргіземіз».

Гүлжамал Әділаева Жаңа жылда балаларына тарту жасамақ ниетпен Бәйдібек ауданынан Шымкентке арнайы келіпті. Жарылғыш заттардың қауіпті екендінен хабары бар ана оларды пайдалану барысында балаларымыздың қасында боламыз дейді. Ұл-қызының өзгелер секілді қатардан қалмағанын қалайды.

Гүлжамал Әділаева, Бәйдібек ауданының тұрғыны: «Балалардың ден-саулығына  жарылғыш заттардың зияны бар  екендігін білеміз.Бірақ ,қатарынан қалмасын деп аламыз ғой. Жарылғыш заттарды балаларымызбен бірге атамыз».

Жаңа жылды жақсы қарсы алғанға не жетсін. Осы орайда өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екенін ескере отырып, келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін мұқият болғаныңыз жөн деп ескертеді мамандар.