Жерлестеріміз Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

фото ШӨКҚ

 

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді.

Сондай-ақ, бүгін жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының спортшылары – Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Омар Сатоев (82 келі) және Ильяс Гучигов (97 келі) бозкілемге шығады. Балуандарымызға сәттілік тілейміз.