Жаз келді, күн ыстық болуынан үлкен кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қызметін бастады. Жұмсақ балмұздақты тамақтану және сауда орындарында арнайы құрғақ қоспалардан жасалады. Өнімді дайындау үшін бір және екі цилиндрлі арнайы конструкциялы фризерлер қолданылады.
Фризерден шыға салып, дайын болады. Оның консистенциясы нәзік, крем тәрізді болады. Оның осы нәзік консистенциясың дәмділігіне байланысты бұл балмұздақ мұздатылып дайындалған балмұздаққа қарағанда жоғары сұранысқа ие.
Жұмсақ балмұздақ дайындап сататын нысандарға қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар:
— Нысанның жұмысын бастағаны туралы «Egov» порталы аркылы жіберілген хабарламасы болуы тиіс.
— Нысан қалалық орталық ауыз су, лас су жүйесіне қосылған ағынды ауыз сумен, ыстық сумен жабдықталуы тиіс.
— Жұмсақ балмұздақты дайындайтын орындардағы жабдықтың үй-жайлары мен жұмыс беттеріндегі ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті сәулелегіштер (стационарлық және (немесе) жылжымалы бактерицидті сәулелегіштерді орнатылуы тиіс. Қою немесе ілу орны, өңдеу, пайдалану режимі мен қағидалары, жұмыс уақытын есепке алу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етіліп, арнайы журналға залалсыздандырған уақыты көрсетіліп белгіленуі тиіс.
— Жұмсақ балмұздақты дайындауға қажетті құрғақ қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылып, суытылған ауыз суды пайдалану қажет.
— Жұмсақ балмұздақты дайындауға пайдаланатын ыдыстары оңай залалсыздандыруға болатын ыдыстар пайдалануы тиіс.
-Шикізаттары мен пайдаланатын өнімдерін сақтауда тауар көршілестіктері сақталуы тиіс. Жуып тазалайтын, залалсыздандыратын заттары бөлек жайда сақталуы тиіс.
-Қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды. Сондықтан сұранысқа қарай сатылар алдында дайындалуы тиіс.
— Дайындау барысында шикі пастерленбеген сүтті, жұмыртқаны пайдалануға жол берілмейді.
— Жұмсақ балмұздақтын дайындалған қоспасын бір жерден бір жерге тасымалдауға болмайды, сол сататын орынында дайындалуы тиіс.
— Жұмсақ балмуздақты дайындайтын барлық қоспаларының қәуіпсіздігін растайтын құжатары жұмыс орынында болуы тиіс.
— Нысанда жұмыс істейтін жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай болуы тиіс.
— Жұмысшылары санитариялық киіммен, бірреттік қолғаптар мен бетперделермен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс.
— Жұмысшылары уақтылы толық медициналық бақылаудан өтіп, медициналық кітапшалары жұмыс орынында сақталуы тиіс.
Балмұздақ дайындап сататын нысандар ерекше тәртіппен тексеруге жатпайтын, эпидемиологиялық маңызы төмен нысандар болғандықтан барлық жауапкершілік нысан иелерде.
Жұмсақ балмұздақ сатып аларда нысанның санитариялық жағдайы Сізге ұнамаса немесе күдік туғызса өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз дұрыс.
Бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді қауіп катерден сақтап қалады.
Егерде, Сіз немесе Сіздің туыстарыңыз жұмсақ балмұздақты пайдаланғаннан кейін денсаулығы нашарлап, уланудың белгілері -асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі болған жағдайда тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
З.Б Исабекова,
Еңбекші ауданы
СЭББ бас маманы