Шымкентте алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіруге арналған жаңа орталықтар ашылды. Нақтырақ айтар болсақ, «Даму және ерте араласу орталығы» мен «Шұғыл медициналық көмек бөлімі». Бұл орталықтар, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік жасамақ. Осыған орай, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі келіп, орталықтың жұмысымен танысты.
Айда Баймешова, үш баланың анасы. Ол отбасымен № 6 қалалық емханаға тіркелген. Бүгінде ұлының денсаулығына алаңдаушылық танытып, дәрігергелерге көрінуге келген. Орталықтың ашылғанын естіп, бірден бас сұқтым дейді. Өйткені, баланы ерте бастан тексеруден өткізіп, қарім-қабілетін анықтау керек дейді. Ал, өзі бала күтімімен демалыста отырып, 2 жастағы ұлына санауды, тіпті әріптерді үйретіп қойған. Ол аздай, бүлдіршін ағылшын тілінен түстерді ажырата біледі.
Аида Баймешова, Қала тұрғыны: «Өте қуаныштымын. Осындай орталықтың ашылып жатқанына. Әр баланың дамуы әртүрлі ғой. Бірақ баланы, дамыту өзіміздің қолымызда. Үйде өзім айналысамын. Декретте отырған соң, өзім бас-көз боламын. Енді орталық ашылған екен. Осындай келіп тұрамыз».
Орталықтың негізгі мақсаты – балалардың өмірінің алғашқы кезеңдерінде дамуындағы ауытқуларды ерте анықтап, кешенді медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл – бала денсаулығын сақтаудағы маңызды тетік. Орталық құрамына аймақтық дәрігерлер, педиатрлар, невропатологтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, патронаждық мейіргерлер мен өзге де бейінді мамандар кіреді.
Айгүл Қылышбаева, № 6 қалалық емхананың бас дәрігері: «Емханананың базасында ерте даму және арласу орталығы ашылып отыр. Бұл дегеніміз, 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде 0 жастан бастап 3 жасқа дейін балаларға ерте кезеңнен бастап, ерте жасынан бастап, неврологиялық, басқа ауытқулары бар, психо-физиологиялық ауытқулары бар науқас балдарды табу. Мақсат осы. Қазіргі таңда, жыл басынан бастап, 2 мыңнан аса бала орталықтан өтті. Соның ішінде 53 баладан ерте кезеңде, неврологиялық, психо-физикалық ауытқулары бар жеңіл дәрежедегі балалар анықталды. Оның ішінде 3 -уінде ауыр дәрежедегі аутизм диагнозы балалар анықталды. Оларға реабилитациялық көмек көрсетіліп жатыр».
Сонымен қатар, № 6 қалалық емхананың ішінен шұғыл көмек көрсету орталығы ашылған. Бұл жерде, 4 санаттағы науқастарға қызмет көрсетіледі. Бөлім заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, көпсалалы мамандармен қамтамасыз етілген.
Яғни, құрамында шұғыл көмек көрсетуге машықтанған дәрігерлер мен мейіргерлер тобы, жедел тіркеу және бағыттау қызметі, бақылау бөлмелері және шұғыл көмек көрсетуге арналған арнайы алаңдар қарастырылған. Бұл құрылым шұғыл жағдайларда медициналық көмектің уақытылы көрсетілуіне толық мүмкіндік береді.
Мұнан соң, министрлік топ, «Асар» клиникалық балалар ауруханасына бас сұқты. Онда жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген алғашқы көмек көрсету жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, ауруханадағы мамандардың жұмыс тәртібі, пациенттерге көрсетілетін көмек сапасы, балаларды оңалту және хирургиялық емдеу үдерістері де назардан тыс қалған жоқ. Бұдан бөлек, мамандар жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмыс барысымен танысты.
Бұл жерде жедел жәрдем қызметінің тиімділігін арттыру, нақты жағдайларды талдау және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар айтылды. Айта кету керек орталықта, арнайы ситуациялық орталық ашылған. Бұл жерде төрт түрлі бағытта дәрігерлер медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылап отырады екен.
Серік Әбдіқұлов, Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы: «Қазіргі уақытта біз, науқастардың үйіне дәрігерлерді шақыруын бақылауын, патронаждарға дер кезінде уақытылы қызметін, уақытылы орындалуын бақылап анализ жасап отырамыз».
Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктерінің техникалық жабдықталуы мен кадрлық қамтамасыз етілуі де назарға алынды. Мәселен, республика бойынша бізде жалғыз көпорынды жедел жәрдем көлігі бар. Аталмыш көлік, бірдегенде 4-5 науқасты ауруханаға жеткізе алады. Әсіресе жол көлік апаты орын алғанда, қажет дейді мамандр. Айта кетейік, биыл 5 елдімекенде мобильді бригада ұйымдастырылмақ. Олар жақын маңдағы науқастарға шұғыл көмек көрсетпек.
Гүлнәр Мамытбекова, ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКҚ бас дәрігері: «Күнделікті 2 мыңға дейін шақырту түседі. Барлық қоңырауларды қабылдаймыз. 4 санаттағы жұмыс істейміз. Ештеңе өзгерген жоқ. Тек сағат сенбі күндері 12-00 ден кейін жексенбі күні 24 сағат бойы, барлық санаттарға, ал жұмыс күндері сағат кешкі сегізден кейін, кешкі 19-00 емхананың 4 категориясы бізге көмектеседі. Симмулияциялық орталы, оқу орталығы, үзіліссіз күні-түні жедел жәрдем қызметкерлеріне халықаралық стандарттарға арналған. 100 — ден аса муляж бар. 10 орталықта бар».
Айта кетейік, шымкенттік дәрігерлер, болашақта да осындай медициналық мекемелердің қызмет сапасын арттыруды, балаларға қолжетімді әрі сапалы көмек көрсетуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыра бермек.
Нұргүл Жолымбетова