Шымкент полицейлері аутизм дертіне шалдыққан баланы тауып, отбасына қайтарды

21
фото Шымкент полиция

Полицияның «102» арнасына ерекше баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Жергілікті тұрғын 4 жасар ұлының аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін жеткізді. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң, ер адам полицияға көмек сұрап жүгінді.

Жоғалған баланың қайда екенін анықтау үшін Қаратау АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақты түгелдей шолып , жергілікті тұрғындардан сұрастырды.
Нәтижесінде бала бір сағаттың ішінде көрші аулалардың бірінен табылып, аман-есен әкесіне қайтарылды. Өз кезегінде әбден алаңдаған ата-ана тәртіп сақшыларына жедел жұмыс жасап, немқұрайлық танытпағаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Полицейлер балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарды перзенттеріне мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.