Айтарыңыз болса, акция сізге мол мүмкіндік береді

24

 

Бүгін ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» акциясының басталуына байланысты Шымкентте республикалық акция аясында қалалық көшпелі топ Абай ауданында.

Топ құрамы Абай ауданына қарасты Жанаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ елді мекендерінде Шымкент қалалық прокуратурасының құзырлы органдарымен бірлесіп, кездесу өткізіп жатыр.
Жалпы, бұл акция халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен.

Халықпен тікелей кездесуде , қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтармен бетпе-бет отырып, тыңдауда. Сонымен қатар кейбір тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес беріліп жатыр.

«Заң керуені» акциясы 4 қарашаға дейін созылады. Бұл тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан, мүмкіндікті мүмкіндігінше пайдалануға шақырамыз