Кенеден келер кесір көп

фото vkoske.sk

Иксод кенелері қансорғыш жәндіктердің қатарына жатады. Көктем, жаз айларында өсіп-өнуі үшін ас белсенділік танытып, жануарларға сонымен қатар малдарға және адамдарға қан сору үшін шабуыл жасайды.

Адам денесіне білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып, қан сорады. Иксод кенесі көкала ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады. Сондықтан адамдар жеке басын қорғамай кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін. Ауырған адам қатынастағыларға қауіп төндіреді. Аурудың қоздырғышы арудың қанынында, ішкі ағзалардан қан кеткенде, құсықта, нәжісте болады. Көкала ауруының жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 гр. дейін көтеріледі. Басы, буындары сырқырап ауырады, көзі мен тамаға қызарып, тамаққа тәбеті болмайды. Аурудың 2-5ші күндері мұрнынан, асқазан, ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні басып көргенде немесе шымшығанда қанталап, көгеріп кетеді. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе ауру асқынып, өлім жағдайына алып баруы, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырып, таратуы мүмкін.

Сондықтан, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде немесе кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну керек.

Құрметті ағайын, кенеден сақ болыңыздар!

                                                                                                                          А.А.Асанбаева, 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

санитариялық эпидемиологиялық бақылау

басқармасының бас маманы