«Тәртіп және заң» қағидаты аясында жылжымалы кездесу өтіп жатыр. Акция 5 күн бойы жалғасын табады. Мұнда мамандар әр ауданға барып, халықтың толғындарған мәселесін шешуге атсалыспақ.
7 шағынаудан тұрғыны Сандуғаш Досымбаева 2 күннен бері жарықсыз отқандарын айтады. Сөзінше жаздың ыстық күнінде электр қуатын өшіріп тастау ақылға қонбайтын іс. Көшелерінде жарық болмағандықтан дүкендерде азық-түлік бұзылып кетіп жатқан көрінеді. Ал жуыну үшін жақындардың үйін жағалап кеттік дейді тұрғын.
Сандуғаш Досымбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Түнгі 4-те алдыңғы күні жарықты өшірді. Кеше болмады. Бүгін тағы өшірді. Ол жерде ауа жоқ. Күн ыстық. Ол жерде 10-20 магазин бар. Бәрінің балмұздақтары еріп, сүттері іріп кетті. Не деген сұмдық бұл. 1 апаттық номер алмайды. АІ көмекке хабарлассақ музыка қойып қойған. Соткамыз өшіп жатыр. Сонды біз кімге хабарласуымыз керек. Міне прокуратураға келіп арызданып жатырмыз»
Қала тұрғыны халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымалы қабылдау өтіп жатқанын естіп, арнайы келген. Мәселе Әл-Фараби ауданына қатысты болғанымен, қабылдауда отырған Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері оның өтінішін назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігінше көмектесуге тырысты. Мамандар екі сағат көлемінде проблема шешімін табатынын айтты.
Мейіржан Ажедин, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Кеше 9 сағат жарық өшкен екен. Бүгін де өшіпті. Кеше қандай жағдайда жарық өшкенін анықтап жатыр. Бірақ қосқан. Қазіргі таңда сол жақта қазба жұмысын жасап жатқан мекеке кабельді обрыв жасап содан өшкен екен. Қазір әріптесіме хабарласқаннан кейін бригада жіберіп, қарап жатыр. Бұл кісіге айттым. 1-2 сағатта жарық қосылады»
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өтіп жатқан жылжымалы қабылдауда тұрғындар жер дауы, медициналық мәселе, қылмыстық істердің дер кезінде қаралмауы сынды арызын жеткізді. Жауаптылар акцияны өткізу үшін халық көп жиналатын орынды әдейі таңдап алдық дейді.
Нұрым Тұрлыби, Абай аудандық прокуратурасының бөлім аға прокуроры: «Жергілікті құқық қорғау, атқарушы органдар қатысуымен акция өткізіп жатырмыз. Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдап алудың өзіндік себебі бар. Халыққа қызмет көрсету орталығына адамдар өзінің мәселесін айтып келеді. Жанама ойында жүрген мәселесі болса, орган өкілдерінен кеңес алу үшін ұйымдастырып отырмыз»
Жылдымалы қабылдау кеше Әл-Фараби ауданында өтке, бүгін Абай ауданында жалғасты. Ал жоспар бойынша шара 25 маусым Еңбекші ауданында, 26-сы Қаратау, 27-сі Тұран ауданда ұйымдастырылады.
Әсел Мәлік