Биыл Түркістан қаласы 56 пайыз кәріз жүйесімен қамтылады. Қазір осы бағытта 7 нысан құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта қалада 5 сарқынды су тазарту ғимараты, 21 канализациялық сорғы станциясы және 4 шығын реттегіш құдық салынады.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 263 шақырымнан асатын сарқынды су жүйелерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалар инженерлік инфрақұрылымды толық қамтуға бағытталған. Жоспар бойынша қалада 5 сарқынды су тазарту ғимараты, 21 канализациялық сорғы станциясы және 4 шығын реттегіш құдық салынады. Бұл нысандар іске қосылған кезде кәріз жүйесінің қуаттылығы артып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы да жақсара түспек.
Қазір қала тұрғындарын толықтай кәріз жүйесіне қосу мақсатында 13 нысанның құрылысы қолға алынған. Оның жетеуі 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарда бар. Облыс басшысы шаһарда атқарылып жатқан жұмыс барысын аралап көрді.
Айта кетейік, 2018 жылы Түркістан қаласында кәрізбен қамту көрсеткіші небәрі 15 пайызды құраған. Ал соңғы жылдары жүзеге асырылған жобалардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 36,5 пайызға жетіп отыр. Қазір қолданыстағы сарқынды су құбырларының ұзындығы 401 шақырымнан асады. Оған 17 мыңнан астам абонент қосылған.
Әсел Мәлік