Ақсукенттегі кәріз суын тазартқыш нысаны қайта іске қосылмақ

30

Сайрам ауданында дауға қалған кәріз суын тазартқыш нысанды қайта іске қосу көзделіп отыр. Ол үшін мердігер мекемелермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал ауданды көгалдандырып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жаңа жобалар жүзеге асуда. 

Сайрам ауданында халық тығыз орналасқан аймақта инфрақұрылым мәселесін шешу қолға алынған. Атап айтқанда Ақсукент ауылында кәріз суын тазартқыш ғимарат қайта құрудан өтіп жатыр. Бұған дейін нысан жұмысы тұралап қалған еді. Қазір мердігер мекемемен келіссөз жүргізіліп, құрылыс жұмысы аяқталмақ.

Сайрамға іс сапармен барған облыс басшысы жаңа салынып жатқан ғимараттардың жұмысымен танысты. Олардың тұрғындар үшін тиімділігін бақылап, кемшіл тұстарын жөндеуге тапсырды.

Айта кетейік, ауданда қараусыз қалған «Орталық дендросаябақ» мен «Мәртөбе» алаңы қайта абаттандырылып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Неке сарайы» ғимаратын қайта қалыпқа келтіріп, «Белсенді ұзақ өмір орталығына» айналдыру көзделіп отыр.