Халықпен көзбе-көз кездесіп, мұң-мұқтаж, ұсы¬ныс-тілегін өз ауызынан есту – мемлекеттің әлеуметтік бейнесін анық түсініп, қоғамдық тынысын айқын сезінуге бірден-бір таптырмас тәсіл. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс.
Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы әкімі Серік Үсенұлы Мамытов кезекті жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында облыс басшысы әрбір мәселені жауапты сала жетекшілерімен бірге мұқият зерделеп, оларды шешудің нақты жолдарын қарастырды.
Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудан әкімдігі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй алу және оның кезегі, атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу мен елді мекендерді асфальттау, аяқжолдар салу мен көшелерді жарықтандыру секілді мәселелер болды.
Айтылған өтініштер мен ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті сала басшылары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шешілу жолдарын ұсынды. Кезек күттірмейтін мәселелермен бірінші кезекте айналысатындықтарын айтты.
Қабылдау соңында аудан басшысы нақты тапсырмалар беріп, орындалуын өз бақылауына алды.
Айта кетейік, вудан әкім және орынбасарлардың жеке қабылдауына жазылу egov.kz электронды үкімет порталы, e-otinish бірыңғай арқылы жүзеге асады. Әкімдіктің ресми сайтында қоғамдық қабылдау кестесі және байланыс нөмірлері көрсетілген. Бұл – халық пен билік арасындағы ашық әрі тиімді байланыстың нақты көрінісі.
Жетісай ауданында халықпен ашық диалог жүргізу мен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Аймақта білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй және инфрақұрылым салаларында ауқымды жобалар іске асуда.
Халықтың тұрмысына тікелей әсер ететін инфрақұрылым мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар – әкімдіктің халық мүддесіне негізделген қызметінің айғағы. Бұл – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының өңірлік деңгейде нақты жүзеге асып жатқанының көрінісі.