Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
2025 жылғы мамыр айында Шымкент қаласындағы Гидролиз көшесінің бойында М.-ның басқаруындағы «Nexia Ravon» автокөлігі тоқтатып тексерілген. Нәтижесінде, М. рұқсатсыз такси қызметін атқарып, жолаушы тасымалдап келе жатқаны анықталған.
Сот отырысында М. өз кінәсін толығымен мойындап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс материалдармен келісті.
Сот, анықталған мән-жайларға сүйене отырып, М.-ны ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігін қолдану арқылы 41 286 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.