Úı ANONS Жол жүрісі қағидасын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Жол жүрісі қағидасын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Келес аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 610-бабының 2-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған М.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы М.-нің өзінің басқаруындағы автокөлігімен келе жатып, жол жүрісі қағидасын өрескел бұзып, яғни алдында кетіп бара жатқан С-нің басқаруындағы автокөлігімен ара қашықтықты сақтамай жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде соңғыға материалдық және жәбірленуші С-нің денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.
Сот отырысында М кінәсін мойындап, ол үшін өкініш білдірді.
Құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлiгінде қарастырылған құқық бұзушылық белгілерімен кiнәлi деп танылып, оған 138 000 (бір жүз отыз сегіз мың) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енбеген.