Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық  іс-шаралар жүргізу кезіндегі сақтық шаралары туралы білесізбе?

фото glavdezcentr.ru

Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетімдері жоқ, кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялағыш құралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор, дератизатор) әрбір 5 жыл сайын дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша кәсіби даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді. Дезинфекциялау құралдарды сақтау және тасымалдау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы НҚА талаптарына сәйкес жүргізіледі. Дезинфекциялағыш құралдар заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіліп, жеткізушінің ыдысында (қаптамасында) сақталады. Ыдыстық заттаңба дезқұралдарды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.  Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсететін жеке ұйымдармен келісім-шарт бойынша жүргізіледі. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуының алдын алуда дезинсекция жетекші рөл атқарады.

Жәндіктерге (тарақандар, шыбындар, құмырсқалар, қандалалар, бүргелер, масалар, шіркейлдер, есекқұрттар, бәкене шыбындар, соналар және шыбын-шіркей) қарсы өңдеулер жиілігі объектінің қоныстануына байланысты жүргізіледі; авариялық үй-жайларда және демалыс аймақтарында шыбындар мен масаларға қарсы күрес (су басқан, ылғалды, дымқыл жертөле үй-жайларда, жерасты суларының жоғары деңгейінде, кәріз желісіндегі авариялық жағдайларда) санитариялық-эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі дезинсекциялау іс-шараларының жиілігі айына 1 рет, балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, өнеркәсіптік және коммуналдық мақсаттағы объектілерде 3 айда 1 рет және көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Емдік-профилактикалық мекемесінде инфекциялық немесе паразиттік ауру анықталған жағдайда, ағымдағы дезинфекциялауды осы мекеменің медицина қызметкері мекемеде бар дезқұралдарды қолдана отырып, дезқұралға қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырады.

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу үшін Қазақстан Республикасы және Еуропалық экономикалық одақ аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылады. Өз пәтерлерінде, үйлерінде дезинсекция жүргізетін адамдар дезинсектант-препаратты таңдағанда нұсқаулықтары бар заттаңбаны мұқият оқып, құралдың қауіптілік сыныбына назар аудару керек. Себебі пәтерлер мен үйлерде орташа қауіпті құралдарды (3-сынып) және аз қауіпті құралдарды (4-сынып) пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл факт тұрғындар арасында (көрші пәтерлердің тұрғындары) дезинсектанттардан уланудың алдын алу мақсатында ескерілуі тиіс. Сондай-ақ пәтерде дезинсекция жүргізгенге дейін дезинсекция жүргізуді жоспарлап отырған адамға көрші пәтерлердің және бүкіл кіреберістің тұрғындарын халық арасында уланудың (кей жағдайларда өлімге әкелуді) алдын алу мақсатында жоспарланған дезинсекцияның күні мен уақыты туралы алдын ала ескерту керек.    Абайсызда зиян келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартуға әкеледі. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығарылады және жойылады. Қауіпсіздік ережелері бұзылғанда немесе жазатайым оқиғалар кезінде қатты улану өршуі мүмкін.

Улану белгілері: ауызда жағымсыз дәм сезіну, әлсіздік, құсу, бас ауруы, жүрек айну (темекі шегу, тамақтану кезінде күшейеді), іш қуысының ауыруы, көз қарашығының тарылуы, тыныс алу жүйесінің тітіркенуі, көп мөлшерде сілекей ағу.

Адамда улану белгілері байқалған кезде халықты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін авариялық жағдай немесе халықтың денсаулығына қатер төндіретін технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақытылы хабардар ету қажет.

Д.Т.Садуллаева, Шымкент қаласы

Тұран ауданының СЭБ

басқармасының бас маманы