Түтінсіз темекі өндірумен заңсыз айналысқандар сотталды

Түркістанда түтінсіз темекі өндіргендер сотталды. Күдіктілер жасырын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп келген. Алайда, заңсыз бизнесінің жолы кесілді. Ал, оны ұйымдастырғандар түрмеге тоғытылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Түркістан қаласында түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу дерегі бойынша Омашев мен Ташпулатовқа қатысты сот үкімі шықты. Олар, 30 — дан жұмысшының көмегімен жасырын өндірістік цех ашқан. Нәтижесінде, заңсыз айналымнан тыйым салынған заттарды өндіріп, кәсібін өркендеткен.

Цехты тінту барысында заңсыз айналымнан тыйым салынған 635 қорап дайын өнім мен азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін заттар алынған.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сонымен қатар, автокөлік пен құрал-жабдықтар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Нұргүл Жолымбетова