Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд. 215 млн. теңге өндірілді

112

Шымкент қалалық прокуратурасының тікелей араласуымен Тоқтар Төлешовтың мүліктері мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Шымкент қалалық прокуратурасының хабарлауынша, 2017 жылдан бері мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Т.Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,4 млрд. теңге өндіру туралы атқару құжаты орындауда болған. Алайда, іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер
Төлешовке тиесілі мүліктері анықталғанымен, аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған.

Сондай-ақ, қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған азамттың мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесінде соттың ұйғарымымен олар мемлекет пайдасына берілген.

«Айтылғандардың негізінде, атқару өндірісінің аясында Т.Тулешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 млрд. 215 млн. теңгені құрайтын борышкердің мүлкі бюджетке түсуі қамтамасыз етілді», – делінген прокуратура хабарламасында. Айта кетейік, сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда болады.

 

QAINAR KÓZШымкент қалалық прокуратурасы