«Үлкен Тұра» шыңын бағындыруға кеткен 6 адам құтқарылды

24 тамызға қараған түні құтқарушылар Түркістан облысы Үлкен Тұра шыңына баратын жолда қалып қойған 6 адамды құтқарды. Ресми мәліметке қарағанда, олардың далада қалып қойғаны жөнінде туыстары хабарлаған. Кейіннен мемалушылардың бірінің аяғы сынғаны анықталған.

Жексенбіге қараған күні Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңын бағындыруға барып, адасып қалған 6 адамды құтқарды. Ресми мәліметке қарағанда, олар Шымкент қаласының тұрғындары, үшеуі- әйел, үшеуі еркек.

Департамент дерегінше, демалушылардың кешіккені туралы дабылды олардың бірінің туысы қаққан. Ол құтқарушылардан көмек сұрап, жол сілтеген.

Асхат Ержанов, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары: «Іздестіру жұмыстары Үлкен Тұра шыңында «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркінен басталған. 22:30-да жоғалған адамдар табылды. Оның ішінде бір әйел жарақат алған, оған көмек көрсетілді. Қалған адамдар медциналық көмекке мұқтаж болмады».

Құтқарушылар жоғалғандарды табу үшін таулы жермен 5 шықырым жол жүрген. Бір аяғын сындырып, жарақат алған адамды таудан аққан өзен бойымен алып шығып, құтқарған.

Дилара Иса