Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатының алтын медаль иегерлері Махмұд пен Төрехан Сабырхановтар елге оралды. Бұл додаға 68 елден 540 спортшы қатысқан. Ел мақтаныштарын күтіп алуға чемпиондардың туған-туыстары мен жанкүйерері көптеп жиналды.
«Қадірменді көрермен қазір сағат түнгі оннан асты. Ал біз Шымкент әуежайындамыз. Мұнда әлем чемпиондары атағын алған ағайынды Сабырхановтарды қарсы алмақпыз. Мұнда жанкүйерлері де оларды тағатсыздана күтуде. Санаулы уақытта Махмұт пен Төрехан ортамызда болады».
Жеңімпаздар келген сәттен туғандары оларды қапсыра құшақтап, иығына шапан жауып, ұлттық тағамдармен қарсы алды.
Әлемді өзіне қаратқан қазақ саңлақтары Ливерпуль төрінде 7 рет Әнұранды әуелете шырқатып, жалпы командалық есепте 1 орында тұрақтады. Ал оның 2-уінде бір әулеттің қос батыры Махмұд пен Төрехан Англия төрінде туымызды көкке көтерді. Өңірге ерекше қуанышпен оралғанын ағайынды чемпиондар, ендігі мақсатымыз бірге олимпиада жеңімпазы атану дейді.
Махмұт Сабырхан, Әлем чемпионы: «Шырайлы Шымкентке келіп қалдық. Шымкентке жете алмай жатырмыз. Қазір зорға жеттік. Аллаға шүкір. Қазір әлем чемпиондары болып атанып келе жатырмыз. Мен ғана емес бауырым екеуміз чемпион болып келе жатырмыз. Бұл тек бауырым екеуміздің жеңісіміз емес Қазақстанның және команданың жеңісі. Бұл жерде біздің ғана жаттығудан емес жеке бапкеріміз кішкентайдан дайындап келе жатқан Оралбек Илияс ағайымызға рақмет».
Дүниежүзілік додада 19 жасында жеңімпаз атанған Төрехан Сабырхан – тәуелсіз Қазақстан тарихына жас әлем чемпионы ретінде енді. Ол бұл жеңістің оңайлықпен келмегенін, дегенмен жүлдегер атанарына сенімді болғанын айтады.
Төрехан Сабырхан, Әлем чемпионы: «Иә сәл кішкентай болып тұрдым көрдіңіздер. Қарсыластарым менен дәу болып тұрды. 1 раундта қалай болғанын білмеймін. Біз түбінде жеңісті жеңіп алатынымды біліп ағайым айтып отырды бұрышта Тәтөш сен жеңесің алға деп. Аллаға шүкір ұтып алдық».
Жанкүйерлер арасында немерелерін көруге асыққан Әскер Сабырхан атай, Бұл жеңіс Қазақ елінің қуанышы екенін айтып, жеңімпаздарға ақ тілегін арнады.
Әскер Сабырхан, Жеңімпаздардың атасы: «Екі баламның жетістігін бүкіл Қазақстан күә. Маятас куә. Осы сіздер куәсіздер. Осылардың дендерінің саулығын тілеймін,амандығын тілеймін».
Спорт басқармасының өкілі бұл жетістік түбінде тек спорттық дайындық қана емес намыс пен жігер жатыр дейді. Маман, чемпиондардың ел үмітін ақтау жолындағы табандылығын ерекше атап өтті.
Ермек Дәрменов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары: «Жігерден бөлек баалалардың намыстары да үлкен рөл ойнайды ма деп ойладым. Себебі соңғы ойындарда Төреханның өзінің айтқан сөздері бар «Ағай мен ұтып аламын деп».
Салтанатты қарсы алу рәсімінде қос батырды көпшілік ерекше мақтанышпен иықтарына көтеріп құрметтеді. Жанкүйерлері де естелікке суретке түсіп гүлдерін ұсынды. Соңында қазақ спортының жаңа белесін бағындырған Махмұд пен Төреханды көліктеріне шығарып салып, ақ жол тіледі.
Айта кетейік Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Ол 2023 жылы Ташкент төрінде алтыннан алқа таққан. Ал оның бауыры Төрехан Сабырхан да бұған дейін жастар арасында әлемдік деңгейде көзге түсіп, жүлдегер атанған.
Ботакөз Әнуар