Шымкент қаласы Орталық Азияның қазіргі тарихындағы елеулі
оқиғаны қабылдауға дайындалуда. 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі
аралығында Global Tech Wave Central Asia (GTW CA) — Қазақстандағы
алғашқы халықаралық технологиялық конференция өтеді. Бұл іс-шара сала
көшбасшыларын, инвесторларды, стартаптарды, креативті жастарды және
ірі әлемдік корпорациялардың өкілдерін біріктіреді.
Іс-шараның шарықтауы — «Рэмбо», «Форсаж» сияқты
блокбастерлердің голливудтық продюсері Allen V Dam, сондай-ақ DC
Comics-тің жаһандық маркетинг жөніндегі бұрынғы жетекшісі, HBO Max
вице-президенті және ірі цифрлық платформалардың медиа-стратегінің
келуі болады.
Мұндай деңгейдегі маманның келуі бүкіл аймақ үшін айтулы оқиға.
Өз сөзінде Allen V Dam әлемдегі миллиардтаған көрерменнің жүрегін
жаулаған фильмдерді түсірудегі бірегей тәжірибесімен бөліседі. Ол
технологиялар мен инновациялардың киноиндустрияны қалай өзгертіп
жатқанын айтып, заманауи әлемдегі табысты продюсерліктің құпияларын
ашады. Оның іс-шараға қатысуы Қазақстанның технологиялық және
шығармашылық жобалар үшін жаңа тартылыс орталығына айналып келе
жатқанын көрсетеді. Allen V Dam тек продюсер ғана емес, сонымен қатар
крипто-кеңесші және Web3 технологиялар стратегі. Оның Қазақстанға
сапары тарихи маңызға ие, өйткені — осындай деңгейдегі продюсердің
елімізге алғаш рет келуі.
GTW алаңдары кәсіпкерлердің, стартаптардың, инвесторлардың
және айти көшбасшыларының нақты ынтымақтастығы туатын және
бірлескен жобалар іске қосылатын мүмкіндіктер орнына айналады.
Қазақстанның жас стартаптарына, жергілікті бизнесіне және креативті
индустриясына ерекше назар бөлінеді.
Біз GTW CA әлемдік көшбасшылардың кездесу орнына айналғанын
мақтан тұтамыз. Оның сапары — бұл біздің аймақтың технологиялар мен
креативті салалардағы әлеуеті зор екендігінің дәлелі. Оның тәжірибесі мен
білімі мыңдаған жас мамандарды әлемдік деңгейдегі жобаларды жасауға
шабыттандыратынына сенімдіміз.