Кәусар каналы — жауын суын жинаудың тиімді тәсілі

Шымкентте жауын-шашын маусымына дайындық жүріп жатыр. Қалада ұзындығы 4,5 шақырым болатын «Каусар» арнасын салу үшін ауқымды жоба жүзеге асуда. Жаңа гидротехникалық нысан «Нұрсат» шағын ауданының су басу мәселесін шешіп, қалаға қосымша ылғал көзіне айналмақ. Толығырақ тілшіміздің материалында .

Шымкентте бірнеше шағынауданды байланыстыратын жаңа «Каусар» каналының жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 4,5 шақырым болатын арна «Нұрсәт» шағын ауданында жоспарланған. Нысан бұрын жаңбыр суы көпқабатты үйлерге су басу қаупін төндіргендіктен салынбақ. Жобаның құны шамамен бір миллиард теңге деп бағалануда.

Мұрат Әбдірахманов,  Жайлы орта дамыту басқармасының орынбасары: «Екі этапқа бөлдік. Қазіргі таңда Астана көшесіндегі айналмалы жолдан, Бәйтерек көшесіне дейін. Сосын Бәйтерек көшесінен Дендросаябағына дейінгі аралықта. Бірінші этапы 2,6км, екінші этапы 1,9км бболып қарастырылады».

Жазда магистральдық каналдан су келіп тұрады, ал жаңбыр жауса көшелерден аққан су да осы арнаға құйылады. Канал дендросаябақтағы, қаладағы өсімдіктерді суаруға қосымша су қоры болады. Бұл қордың арқасында жазда да жасыл желек кеуіп кетпей, ауа салқын әрі таза болып тұрады.

Мұрат Әбдірахманов, Жайлы орта дамыту басқармасының орынбасары: «Күзгі және қысқы ауа-райындағы су тасқындарының алдын-алу шаралары толығымен жүргізіліп, қаупі жоқ деп қарастырылып отыр. Бұл Шымкент аумағындағы бізде қауіпті аймақтардың барлығы 2024ж біздегі ТЖД пен бірге бекітіліп, ол Бадам, Кәусар, Ақсай Қарабастау өзендері және каналдары толығымен графикпен жүріп жатыр».

Айта кетейік, «Каусар» каналының бойынан жаңа саябақ салу мүмкіндігі қарастырылуда. Ол қала тұрғындары үшін демалыс пен серуендеудің жаңа орнына айналатын болады.

Ботакөз Әнуар