Астықтың жартысынан көбі жиналды

34
фото Егемен

Егін жинау науқаны басталғаннан бері диқандар 9,2 млн гектар аумақтағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгеріп, жоспардың жартысынан астамын орындады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Фермерлер толықтай қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Жаппай егін жинау жұмыстары басталған кезде тракторлар мен комбайндар паркін жаңарту үшін ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасы іске қосылды, оған 40 млрд теңге бағытталды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген солярка бөлінді. Диқандар үшін республика бойынша орташа баға литіріне 203 теңгеден болды, бұл нарықтан 15-20% арзан.