«Қағаздағы жалақы мен қалтадағы ақиқат»

Қазақстандықтар жалақының өскенін сезінбейді. Қағаз жүзінде табыс өсіп жатыр, алайда шын мәнінде жоғары инфляция әсерінен айырмашылық білінбейді. Экономистер  өзге елдерде нақты жалақы артса, қазақстандықтар өз бюджетіндегі айырмашылықты байқамайды. Ақша құнсызданып жатыр дейді.

Қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалып отыр. Еуразиялық экономикалық комиссия, номиналды табыстар өскенімен тұтынатын тауар қымбаттаған соң сатып алу қабілеті бұрынғы деңгейінде қалып отыр дейді.

Қазақстанда бір жыл ішінде орташа жалақы қағаз жүзінде 10%-дан артық өскен.
Бірақ шын мәнінде халықтың сатып алу қабілеті (нақты өсім) жарты пайызға да жетпеген.

Салыстыру үшін: Ресейде адамдардың нақты табысы шамамен 4%-ға, Арменияда 2,5%-ға артқан, ал Беларусь пен Қырғызстанда өсім 11%-ға дейін жеткен.

Жалақының өсуі тек қағаз жүзінде ғана көрінгенімен, ал күнделікті өмірде қазақстандықтар оны сезінбейді. Мамандар мұның себебін халықтың табысына ауыз салып, шегеріп отырған инфляциядан деп отыр.

Арман Бейсембаев, сарапшы: «Біз инфляция өсуі бойынша бірінші орында тұрмыз, бұл рас. Тіпті Ресейде де, басқа елдерде де инфляция төмен. Қазір бізде инфляция айтарлықтай жоғары — тамыздың қорытындысы бойынша ол 12,2% құрады. Бұл үлкен көрсеткіш. Біз қатаң ақша-несие саясатын жүргізіп жатқанымызды ескерсек, мөлшерлемелер өте жоғары. Бірақ жұмсалған күш әрине әсерін жоғалтып, нөлге тең болып отыр. Оған үкіметтің біршама инфляцияға қолайлы әрекеттерінің де әсері бар».

Сарапшылардың сөзіне сенсек, бағаның көтерілуіне мемлекет шығынының көп болуы әсер етеді. Оған қоса, қазір жанармай мен коммуналдық қызмет бағалары бақылаусыз қалып отыр. Осы себептен бізде инфляция жоғары болып тұр. Ал басқа елдерде бұл мәселелер шешіліп қойған.

Марат Абдурахманов, экономист: «Жанармай бағасы қымбаттаса, оның салдары барлық тауарлар мен қызметтердің құнына да әсер етеді. Қазақстанда бұл ықпал айқынырақ сезіледі. Инфляциялық коэффициент 1,37-ге тең: яғни жанармай 10%-ға қымбаттаса, басқа тауарлар мен қызметтер шамамен 38%-ға өседі. Бұл біздің елдің географиялық ерекшелігімен, мұнайды жеткізу жолының ұзақтығымен байланысты».

Сондай-ақ сарапшылар, Қазақстанда орташа және ең төменгі жалақы арасында үлкен айырмашылық бар. Соған қарамастан, ел жалақы деңгейі бойынша алдыңғы орында тұр дейді. Ең жоғары орташа жалақы Ресейде – айына 1110 доллар, одан кейін Қазақстан – 849 доллар, ал үшінші орында Беларусь – 815 доллар.

Ботакөз Әнуар