Қазақстандықтар үшін жанармай бағасы басты назарда. Себебі соңғы айларда бензин мен дизель отыны айтарлықтай қымбаттаған. Сарапшылар бағаны нарықтық деңгейге дейін теңестіру үшін мұнай өңдеу саласына инвестиция тарту қажеттілігін айтады. Сөздеріне сенсек, баға әлі де өседі, бірақ қандай деңгейге дейін көтерілетіні қазірше белгісіз.
Жанармай бағасының өсуі тоқтамай тұр. Астанада АИ-92 бензиннің литрі 228 теңгеге жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда 7 теңгеге қымбат. Алматы мен Қарағандыда – 227 теңгеге дейін, ал Шымкенттегі өсім 3–4 теңге көлемінде қымбаттаған. АИ-95 жанармайы кейбір қалаларда 290 теңгеге дейін жеткен. Дизель отыны да бүкіл ел бойынша өсті. Литрі 317-ден 550 теңгеге дейін жоғарылады.
САйбек Төленді, ҚР Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің бас сарапшысы: «Баға 8–8,5% шамасында өсті. Дегенмен біз күткен 14%-дан төмен. Бағаны 2 жағдайда реттеуге болады. Олар – әлеуметтік бағдарламаларды, яғни мектептерді, жолдарды, ауруханаларды дамыту, сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру. Немесе мұнай өндіру көлемін кеңейту, ал бұл жерде жаңа жұмыс орындары мен мемлекетке түсетін салықтарды арттырады».
Сарапшылардың пікірінше, бағаның қымбаттауы тек бағаның өсуімен байланысты емес, оны нарық бағасына теңестіру үшін де жасалған әрекет. Мамандардың сөзінше қазір мемлекет бағаны бақылап отыр, бірақ бұл алдағы уақытта алынып тасталынбақ. Сонда халық та, кәсіпкерлер де жанармайдың нақты бағасын білетін болады. Алдағы өзгерістерді болжап отырмайды дейді.
Олжас Байділдинов, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сарапшылар клубының мүшесі, «Байдильдинов. Нефть» телеграм-арнасының негізін қалаушы: «Менің ойымша, жыл соңына дейін АИ 92-жанармайы шамамен 250 теңге болады. Ал жалпы нарықтық баға шамамен 60 цент, қазіргі бағам бойынша бұл 320 теңге. Бұл енді келесі жылға бағытталған болжам. Негізі түсінуіміз керек, бұл бағаның өсуі емес, теңестіру. Бізде жанармай тапшылығы бар, оның бір бөлігін Ресейден импорттаймыз. Ал Ресейде баға бізге қарағанда екі есе жоғары. Сондықтан мұндай өсу жалғаса береді».
Сарапшылардың айтуынша, бағаны теңестіру бұл- жанармайдың жеткілікті болуы үшін әрі мұнай саласына инвестиция тарту үшін қажет. Қазір барлық отандық мұнай өңдеу зауыттары толық мүмкіндікте жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңғырту мен жаңа қаржы құюсыз жанармай тапшылығына қатысты проблеманы шешу мүмкін емес.
Ботакөз Әнуар