4 сарапшыға 6 шаршы метр орын тиесілі

508

Сот-медицина сараптамасы саласында түйіткілдер шаш етектен. Ғимараттың жетіспеушілігі мамандарға сапалы қызмет көрсетуге кері әсер етеді дейді облыс бойынша сот сараптамалары институтының жұмысымен танысып шыққан халық қалаулылары. Еліміздің өзге де өңірлеріндегі жағдайға қаныққан мәжілісмендердің сөзіне сенсек, бүгінде 4 сарапшының жұмыс орнына орта есеппен небәрі 6 шаршы метр тиесілі.

Жауапкершілігі зор мамандардың жоғары деңгейде жұмыс істеуі үшін бұл қолайсыздық туғызуда. Сондай-ақ сала қызметкерлерінің мардымсыз жалақысы мен қолданыстағы құрал-жабдықтардың жарамсыздығы да күнделікті жұмыс кезінде сапалы қызметке кері әсерін тигізуі мүмкін дейді депутаттар.

 

 

 

Депутаттар Мәжілісте сот-сараптама қызметкерлерінің проблемаларына арналған Үкімет сағатында осы олқылықтарды талқылаймыз деп уәде берді.

Айта кетейік, жылдан -жылға сараптама өндірісінің қызмет көрсету аясы кеңейіп келеді. Өткен жылы институт 500 сараптама қорытындысын шығарған. Қазір мұнда діни материалдарға да тексеру жасалады. Жергілікті сарапшылар 40 түрлі қызмет түрін көресетеді.