Шымкентте Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма екіге бөлінді

фото Отырар.кз

Шымкентте Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма екіге бөлінді. Енді жастарға қатысты мәселелерді жаңадан құрылған Жастар істері жөніндегі басқарма жүргізетін болады.

Сонымен қатар, қалада Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады. Бұл ведомство мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп оқушыларының, яғни кәмелетке толмағандардың құқығын қорғаумен айналыспақ.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында бұл өзгерістерді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жария етті.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, басқармаларды бөлу қоғаммен байланысты нығайтып, жастар саясатын жүйелеуге және балалардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуге мүмкіндік береді.