Жаяу жүргіншілер өткелі – қауіпсіздік кепілі. Алайда ережені елемей, жолда абайсыздық танытатын азаматтар да бар. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп үлгермеген адамға жол бермеу салдары қайғылы оқиғаларға ұласуы әбден мүмкін.
“Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген 120-ға жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартып, хаттама толтырды.
Осы орайда, тәртіп сақшылары азаматтарды жолда мұқият болуға, қозғалыс кезінде сақтық шараларын ұстануға және апатты жағдайларға жол бермеуге шақырады.