Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағы жаңалануда

404

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мысалы, полиция қызметкерлері қаладағы М.Әуезов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың бірінде жол сызбалары өшіп кеткенін байқаған.
Нәтижесінде, аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы жол сызбасын жаңарту мақсатында ұйғарым жолданды.

Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер жойылды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі