ОҚО-да парамен ұсталған көші қон полиция бастығының ісі өзгеше бағыт алды

762

ОҚО-да парамен ұсталған көші қон полициясы бастығының ісі өзгеше бағыт алды. ІІМ баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұрынғы басшының үстінен алаяқтық бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ІІМ-не қарасты көші қон полициясының бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді.

Қабденовтің айтуынша, күдікті шетелдіктерге азаматтық беру үшін пара алғандығы негізсіз. Сондай-ақ, бұған дейін құжат бойынша жүргізген істерінің барлығы заңды екендігі дәлелденді. Еске салайық, бір апта бұрын ірі шенеуніктің пара алғандығы туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты ІІМ баспасөз қызметі хабарлаған.