Түркістанды көріктендіру қарқын алды

193

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс нысандарын аралады. Облыс орталығының маңызды нысандарының бірі халықаралық әуежайында болып, ондағы қызмет көрсету сапасымен танысты.

Сонымен қатар, әуежайға барар жолдағы ең ірі алхор бағындағы жерсінген көшеттердің жетілуін байқады. Өңір басшысы жол құрылысының барысын бақылап, атқарылған жұмыстардың сапасын да тексерді. Құрылысшылар барлық жұмыстар жобалық -сметалық құжатқа сәйкес жүргізіліп жатқанын алға тартты. Желілік парк қаланың келбетін ажарландырып, ерекше көрік беріп тұр. Шаһарды көгалдандыру жұмыстары да ойдағыдай жүргізуде.Мавзолей төңірегіндегі көгалдандыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Гүлдеген ағаштар қалалықтарға, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлауда.

Шынар Оразова