Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды

25
фото ҚазАқпарат

“Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе рейсін іске қосты. Тасымал аптасына екі рет жөнелтіледі. Әуе билеттерін www.flyqazaq.com сайтынан алдын ала брон жасауға және сатып алуға болады. Билеттердің құны бір бағытқа 30 000 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, Қазақстанның әуекомпаниялары Түркістан арқылы Самарқандқа Астана, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Орал, Алматыдан қосылатын рейстерді орындайтынын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, “Qazaq Air” әуекомпаниясы рейстерді жоғары халықаралық және Ұлттық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындайды.
Айта кетсек, Самарқанд – әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Халық саны мен аумағы, өнеркәсіптік маңызы бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала. Бұл қаланың тарихы 2750 жылдан асады.