Жазғы лагерьлерде санитариялық-гигиена талаптары сақталынуы тиіс

150

 

Жақында оқушылар жазғы демалысқа шығып, балалардың кейбірі уақыттарын сауықтыру лагерлерінде өткізетіні белгілі. Түркістан облысында балаларға арналған жалпы 26 сауықтыру орындары бар.

Оның 10-ы мемлекеттің, қалғаны жеке меншік иелігінде. Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру Түркістан облысының сан-эпид бақылау департаментінің басты назарында. Өңірдің санитариялық дәрігерлері ҚР ДСМ бекіткен талап бойынша өткен жылы «Балдәурен» Республикалық балалар сауықтыру орталығы, «Ақсу», «Самал», «Балдаурен» лагерлерін ерекше тәртіппен тексерген. Нәтижесінде асхана қоймасында тамақ өнімдерін дұрыс сақтамау, аспаздардың жүзік, білезік, сағаттарын шешпестен тағам дайындағандығы, ас мәзірінде балаларға тамақ дайындау үшін дәрумендермен байытылмаған (фортификацияланбаған) ұн қолданғандығы, кейбір бөлмелерде қабырға сылақтарының түскендігі, есік тұтқаларының сынғаны, дезинфекциялау іс-шараларының тиімділігіне де қатысты санитариялық талаптардың сақталмағандығы белгілі болды. Анықталған кемшіліктер бойынша 1 лауазымды және 3 жеке тұлғаға жалпы соммасы 466 720 теңге айыппұл салынған.

Маусымдық лагерлерге қойылатын талаптар;
– Жазғы маусым басталар алдында ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық ведомство бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын уақытылы алу қажет.
– Объектілер аумағында тiкенектi бұталарды, жасыл желектердi (ағаштарды, бұталарды) отырғызбайды.
– Сауықтыру объектісінің басшысы сауықтыру объектісінің ашылуы алдында және ары қарай көрсеткіштер бойынша аумақты дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық өңдеу жүргізуді ұйымдастырады.
– Объектілердің аумағы таза ұсталады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) 3/2 бөлігi толған кезде тазартылады.

– Учаскенiң жабдығы (үстелдер, орындықтар, дене шынықтыру жабдығы мен шағын сәулет нысандары) жарамды жағдайда ұсталады.

– Тұрмыстық қоқыс пен қалдықтарды жинау үшiн бетондалған немесе асфальтталған алаңда орнатылған, қақпақтары бар металл контейнерлер көзделедi. Алаң негiзгi ғимараттардан кемiнде 25 м қашықтықта орналасады. Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбiр ауысым аяқталған соң техникалық персонал күрделi жинау жүргiзедi.

Осы жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, 2022 жылы жазғы сауықтыру лагерлерінде балаларды сауықтыру жұмыстары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізілуіне барлық тиісті жергілікті және мемлекеттік органдар ықпал етуін, барлық сауықтыру қызметкерлерінің санитариялық талаптарды сақтауын, балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетін жайттардан сақтануға шақырамыз. Балалар жазғы демалыстарын алаңсыз әрі көңілді өткізу үшін жұмылып ат салысайық!

QAINAR KÓZТүркістан облысының СЭБД