Нигерия азаматы шымкенттік полицейлерге не үшін алғыс айтты?

37

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау АПБ Көші-қон қызметі бөліміне Нигерия азаматы Уолтер Ютубе Жосеф өзінің С3 санаттағы визасын ұзарту мақсатында аудармашысымен келді. Оларға ҚР Көші-қон заңнамасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, визаны алуға қажетті құжаттар тізімін беріп, оны уақытылы заң аясында алудың жолдары көрсетілді.

Өз кезегінде, тәртіп сақшыларынан дер кезінде көмек алған шетел азаматы алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Азаматтардың алғысы еселі еңбектің жемісі. Бұл орайда, Полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы тұрғындардың пікірін жоғары бағалайды.