Қызды құтқару сәті шымкенттік полицейлердің бейнежетонына түсіп қалған

61
фото Шымкент ПД

4-қабаттың терезесінде отырған жас қыз туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Оқиға орнына бірнеше минут өте патрульдік полиция полкінің экипаждары жетті.

Тәртіп сақшылары көпқабатты үй кіреберісінің терезесіндегі қызды байқап, оның өміріне араша түсуге жедел шара қабылдады.
Екі инспектор сыртта қалып, қызды әңгімеге тарта бастады. Осы уақытта қалған екі офицер ғимаратқа кіріп, қажетті қабатқа көтерілді. Қыздың назары ауғанын пайдаланып, полицейлер оны ішке қауіпсіз жерге тартып алды.