Таң рауандап атысымен жерлестеріміз саябақтарға ағылды. Бірін-бірі мерекелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күйде мәре-сәре болдыШымқаланың мерейін асыратын той ә дегеннен -ақ сән-салтанымен өрбіді. Жиналғандар сахнадан көз алмай, концерттік бағдарламаны тамашаладыКөпшілік айтулы мейрамды арқа-жарқа тойлап жатырОсы күні әр саланың үздік қызметкері де марапатталды. Сүйікті қаласының туған күнінде олардың еңбегі еленіп, ерекше құрметке ие болды. «Шымкенттің ең үздік фельдшері» арнайы сыйы Абдулла Әлиевке берілдіШымкенттің туған күні барлық жерде атап өтілді. Мысалы, Әл Фараби ауданының тұрғындары орталық саябаққа жиналды. Мұндағы сахнаы төрінде әжелер ансамблі шарықтата ән салдыБұл күні ауа райы да ашық болып, халық көп жиналды
Саябақтардағы тігілген киіз үйлерде ардагер-қариялар мен көпбалалы аналарға арналып, дастархан жайылдыАйтпақшы, мынадай тамаша көрмелер де көпшілік назарына ұсынылдыКөрмеге 1000-ға жуық еңбек қойылғанҚазақтың ұлттық қолөнерлері мерекенің мерейін асырды. Қызығушылық танытқандар бұйымдардың жасалу жолдарымен танысуға тырысты