Шымкентте мас халдегі ер адам бөтеннің көлігін ұрлап кеткен

30
Шымкент ПД Видеодан кадр

Тәртіп сақшылары ұрланған темір тұлпарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Оқиға жексенбінің таңертеңінде орын алды. Достарымен өткізген көңілді басқосудан кейін 29 жастағы тұрғын бөтеннің көлігін айдап кетуді шешкен. Жақын маңда тұрған “тоқсан тоғызды” бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған.

Көлігінің жоғалғанын көрген иесі жайт туралы бірден полицияға хабарлаған. Темір тұлпарды іздеуге полиция департаментінің ЖБО бейнебақылау инспекторлары кірісті.

Ұрланған көлікті қаскөй Туран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдына қалдырғаны белгілі болды. Жолын жаяу жалғастырған азаматты патрульдік полицейлер ұстады.

Ол заңсыз әрекетін масаң күйде болдым деп ақтағысы келді.
Ер адамның мас халін медициналық куәландыру растағаннан кейін, ол ӘҚБтК-ке сәйкес 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету жайты бойынша тергеу жүргізілуде.