Футболшылар мен жанкүйерлер жасыл алаңда доп тепті

561
Жанкүйерлер де ордабасылықтар да келесі маусымға дейін қоштасты

Таяуда Шымкентте әдеттегіден өзгеше футбол матчы өтті. «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары мен жанкүйерлері жасыл алаңға шығып, футбол ойнады.

Бұл ойында команданың бас бапкері Виктор Пасулько жаттықтырушы емес, ойыншы ретінде алаңға шықты. Бұл жолдастық кездесуді «Ордабасы» клубы мен «Орда» фан-клубы ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат – ойыншылар мен жанкүйерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=542RQDZW0c8[/youtube]

Ойындағы есеп 5-минутта ашылды. Жанкүйерлер қақпасына алғашқы допты кәсіби ойыншылар салды. Дегенмен, жанкүйерлердің өздері голдың авторын құттықтады.

Кездесудің нәтижесінде Виктор Пасульконың өзі 5 гол соқты. Сондай-ақ, оның шәкірттері тағы сегіз рет жанкүйерлердің қақпасына доп салды. Фан-клубтың ойыншылары да құр алақан қалмай, екі голмен жауап қайтарды. Осылай, шымкенттік жанкүйерлер «Ордабасы» командасының Қазақстан чемпионатындағы бесінші орыннан көрінгенін атап өтті.

Қайрат Әшірбековты жанкүйерлер қақпасына салған голымен құттықтауда
Қайрат Әшірбековты қарсыластары да құттықтауда
Жанкүйерлер де ордабасылықтар да келесі маусымға дейін қоштасты
Ойын соңындағы естелік сурет