Жоғары көрсеткішті жекелеген ауылдар түсіріп жатыр

Жұмыспен қамтуОблыстық әкімдікте өңірдегі жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Бұл жолы бағдарламаның Төлеби ауданында орындалуы сөз болған жиында облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев аудандағы жұмыспен қамту бағдарламасын сынады.

Оның ойынша, ауданның көрсеткішін жекелеген ауылдар төмендетіп жатыр. Ал, ауданның атқамінерлеріне сенсек, жыл басынан бері Төлебиде 1445 адам жұмыспен қамтылған. Пайызға шаққанда жоспар межеден артық орындалып, 142 пайызды құрапты.

Жалпы, көрсеткіш жаман болмағанымен, кейбір ауылдардың мүлдем межеден қалып бара жатқаны Әли Бектаевтың ашуын келтірді. «Ауылдардың барлық әкімдерін сілкіп-сілкіп алыңыздар» деді ол жиынды қорытқанда.