Балабақшадағы ер тәрбиелеуші…

512

Күнгейлік көрерменге күлкінің дәруменін сыйлау үшін сатира театры кезекті қойылымға дайындықты бастап кетті. Өнер ұжымы көпшілікті мейірімді болуға шақырады. Анығырақ айтсақ, театр қазіргі уақытта таңсәріден қара кешке дейін «Мейірім балабақшасы» премьералық спектаклін меңгеріп жатыр. Еңбектің авторы әрі қоюшы-режиссері – Самат Алтаев.

Самат Алтаев
Самат Алтаев

Самат Алтаев, қоюшы -режиссер: «Менің әрістерге қоятын талабым – шынайылық, рөлге шынайы еніп ойнауы қажет. Ал басты рөлді таңдаған кезде өзге режиссерлер секілді рөлді әртістің мінезіне, болмысына қарап бермеймін. Керісінше, оған қарама-қайшы келетін рөлді ұсынамын. Осылайша әртіс өседі, шыңдалады. Ал «Мейірім балабақшасы» қойылымында басты рөлді жас актер Қайсар Ахметов сомдайды деп жоспарлап отырмыз, әзірге дайындық жүруде».

Автордың айтуынша, «Мейірім балабақшасы» қойылымы әзіл арқылы қоғам шындығын баяндайды. Еңбектің ерекшілігі бұл ғана емес, балабақша тәрбиешілері – тек ер адамдар. Ал оны сахналау үшін өнер ұжымының 7 әртісі жұмылдырылып отыр. Премьералық қойылым ақпанның 5-жұлдызында жұртшылққа жол тартпақ.