АНОНС Жаңалықтар 

Сая Қасымбек, драматург: «Ж. Шанин — тұңғыш қазақ театрын ашқан тау тұлға»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек. – Соңғы кездегі соны образыңыз тек күнгей емес, өзге өңірлердегілерді де қызықтырып жүр. Орамалды дәріптеп, насихаттап жүрсіз… – Орамалды сәндеп салу биылғы жылдың оразасының үшінші күні басталды. Қожа Ахмет Ясауи туралы мультфильмнің сценарийін жазып жатқанмын. Ол тікелей Құранмен байланысты дүние. Хикмет пен Құранның арасын байланыстыру үшін Құранды қайтадан зерттеп отырған кезімде әйелдердің киім кию мәдениетіне тап болдым. Содан бастап «ораза тұтамын, намаз оқимын, жұмысқа келгенде, көшеге шыққанда орамалдан несіне қашамын? Әрі әжемін….

Read More