Шымкентте халықаралық маңызы бар сауда-логистикалық орталығы салынады

303

Сауда орталықтары мен заманауи қоймалар, көрме залы мен қонақүй және кедендік терминал орнату бастамасы облыс әкімінен шыққан. Жобаны жасаушылардың сөзінше, тауарын электрондық жүйелермен жабдықталған қоймада сақтауды шешкен қожайын, өнімінің қаншалықты дәрежеде сақталып тұрғанын әлемнің кез келген жерінен білуге мүмкіндігі бар. Әзірге мұның бәрі шағын үлгіге сыйып тұр. Бірақ таяу күндері дәл осындай орталық Шымшаһарда бой көтеретін болады.

Орталықтың қызметін кез келген тауар өндіруші тұтына алады. Ал өнімнің түріне байланысты арнайы жағдай қарастырылмақ. Яғни, фармацевтикалық өнімнен бастап, ауылшаруашылық тауарларына дейін. Сауда логистикалық орталығы үшін бүгіннің өзінде 72 гектар жер бөлініп қойылған. Қазір дейді Саят Серікұлы инженерлік желілер жағы реттеліп жатыр.

Келіссөздер сәтті аяқталып жатса, орталыққа сәуірден бастап қаржы бөлініп, жазға қарай құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Жобаның жалпы құны 150-200 миллион АҚШ доллары болады деп отыр. Орталықтың құрылысы 2 жылда аяқталады деп жоспарлануда.