Шымкентте «Назарбаев зияткерлік мектебіне» қабылдау мерзімі ұзартылды

709
Зияткерлік мектеп төңірегінде жиын өтті

Шымкентте «Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау мерзімі» тағы да ұзартылды. Оған себеп, түсіп жатқан өтініштердің саны тым аз! Оған қоса комиссия назарынан ауыл оқушылары тыс қалмауы тиіс. Бұл туралы Астанадан арнайы келген зияткерлік мектептердің басқарма төрайымы хабарлады. Айта кету керек, қазіргі таңда қалада ашылатын осындай екі мектепке оқушылар қабылдануда.

Зияткерлік мектеп төңірегінде жиын өтті

Астанадан арнайы ат арылтып келген «Назарбаев зияткерлік мектебі» акционерлік қоғамы басқармасының бастығы Күләш Шәмшидинова Оңтүстіктен түскен өтінішке қарны ашатынын ашып айтты. Бала саны жағынан еліміздің көшін бастаған өңірден бар жоғы 800-ге тарта өтініш берілген. Сол себепті де жұмысын созуға мәжбүр қабылдау комиссиясының мүшелері бұған халық арасындағы хабарландырудың дұрыс жүргізілмеуі себеп дейді.

Ерік Сейдахметов, қабылдау комиссиясының мүшесі: «Өтініш өте аз түсті. Бұл халықтың  естімегенінен деп ойлаймын. Оның үстіне түсіндірме жұмыстары да аз жүргізілген болу керек. Біз оқушылардан арыздарын үзіліссіз қабылдауға дайынбыз».

Малика Әбдімұратова баласының зияткерлік мектепте білім алғанын қалайды. Қабылдаудың басталғанының кеш естіген ол, міне, екі күн болды, бар жұмысын тастап, перзентінің білім алуы үшін жүгіріп жүр. Құжаттарын да тапсырып үлгеріпті.

Малика Әбдімұратова, ата-ана:»Баламның білікті білім алуы үшін апталап кезекке тұруға дайынмын. Кеш естідік, қабылдау күні бітіп қала ма деп қорықтым. Алайда үлгердім».

Ал облыс әкімдігінде өткен жиналысты астаналық қонақтар өңірлік білім саласының өкілдерін «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» ерекшеліктері мен дарынды оқушыларды қабылдау жүйелерімен таныстырды. Бұл мектептің басты ерекшелігі – мұнда оқу үшін білімді болуы керек. Ешкімнен ешқандай ақша алынбайды. Мемлекет есебінен тегін грант бөлінеді.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы: «Конкурс үш кезеңнен тұрады. Сол үшін өтініштердің көп болғаны дұрыс. Бұл мектепке ешкім ақша бермейді. Конкурстан өте алмай, бірақ жоғары балл жинағандар бізде резервте бір жыл тұрады».

Жиын соңында облыстың шалғай түкпіріндегі ауыл балаларының өтініштерін дер кезінде қабылдап, орталыққа жеткізіліп тұру ісін қатаң қадағалау тапсырылды.