Мектептерде парақорлық «бәсекесі» қызып тұр

476

 

 

Бар қызмет ақшамен шешілетіні өкінішті
Бар қызмет ақшамен шешілетіні өкінішті

Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру саласын жемқорлық жайлаған. Тіпті, мұғалім болып жұмысқа орналасу үшін директорға белгілі бір көлемде пара беруіңіз керек. Бұл туралы ОҚО білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық комитетінің төрағасы Жарқынбек Сейтімбетұлы мәлімдеді.

«Бұған дейін мектепке мұғалім болып кіру ставкасы 500 доллар болатын. Қазір 3 мың долларға көбейіп кетті. Бұл дегені параның ставкасы 600 пайызға көтерілген. Темірланға барсам (Темірлан ауылы – Ордабасы ауданының орталығы) мұғалімдер айтады, «Ай сайын бізден 2 мың теңгеден жинап алады» дейді. Бір мектепте 150 мұғалім бар, олардан » Не үшін жинайды, неге бересіздер» деп сұрасам «- Аман есен жүргендерің үшін беріңдер» деп айтатын көрінеді» -деді Ж.Сейтімбетұлы.

Еске саламыз өткен жылдың қазан айында Сарыағаш ауданында мектеп директоры пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол мұғалімнен 300 АҚШ доллар көлемінде пара сұраған.

Сондай-ақ мектепке жұмысшы етіп қабылдаймын деп ауыл тұрғынынан 1 мың АҚШ долларын талап еткен.