Қаратау ауданында «Жас құтқарушылар» клубының сайысы өтті

154

Өрт, су тасқыны, қандай да бір төтенше жағдай  орын алғанда іс- әрекет жасауға үйрететін іс шаралар қолға алынуда. Шымкент қаласында азаматтық қоғамның дамуына қатысты іс шаралар легі ұйымдастырылуда. Жуырда Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бастамасымен 17 сәуір күні  “Жас құтқарушылар” клубының сайысы өтті. Іс-шараның  мақсаттарының бірі – клубтар  арасында тәжірибе алмасу және байланыстар орнату, достық қатынастарды  нығайту. Тартысты сайысқа 6 адамнан құралған 6 топ қатысты.

Жарыс 3 кезеңге бөлінді, яғни, дабыл бойынша жиналу және шығу, жауынгерлік қанат жаю, оқу мұнарасының 2 қабатына көтерілу.

Сайысқа қатысушылар ептіліктерін, жақсы дайындықтарын көрсетті. Іс -шараның қорытындысы бойынша ең үздіктер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарға қаладағы  3 мектептің командалары ие болды.

1- ші орынды Д.Нұрпейісов атындағы №116 мектептің  оқушылары иеленді.

2-ші орынға №132 жалпы орта білім беретін мектебі орнықты

3-ші орында  Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі тұрақтады.