Жұмысшысын жігерлендірген компания

Қызылорда жеріндегі «Петро-Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ы өндірген мұнайды қайта өңдеумен айналысатын «Петро-Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-інің 11 жұмысшысына берілген марапат-тардың 3-еуі медаль, 5-еуі мақтау қағазы, ал қалған 3-еуі алғыс хат

Ұжымның басты құндылықтарының бірі – оның қызметкерлері деп білетін «Петро Қазақстан» компаниясының басшылығы қыркүйектің алғашқы жексенбісін де елемей қалмады. Күзбен таласа келетін бірінші жексенбі – еліміздегі мұнай-газ саласы жұмысшыларының күні. Экономикасының біраз бөлігі мұнаймен реттеліп отырған ел үшін бұл да бір айтулы күн. «KAZENERGY» қауымдастығы «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-інің қарапайым 11 жұмысшысын медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

Мұнай-газ және энергетика кешеніндегі 50-ден астам компанияның басын қосқан қауымдастықтың арнайы марапаттарын «Петро Қазақстан ойл продактс» ЖШС-інің вице президенттері Асқар Зауытбекұлы Тұрысбеков пен Цзян Ши табыстады
Мұнай-газ және энергетика кешеніндегі 50-ден астам компанияның басын қосқан қауымдастықтың арнайы марапаттарын «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-інің вице президенттері Асқар Зауытбекұлы Тұрысбеков пен Цзян Ши табыстады

Мұнай-газ және энергетика кешеніндегі 50-ден астам компанияның басын қосқан қауымдастықтың арнайы марапаттарын «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің вице президенттері Асқар Зауытбекұлы Тұрысбеков пен Цзян Ши табыстады.

Серіктестіктің жоғары шенді басшылыққа емес, өндірістің ішінде жүріп, мұнай өңдеу процесінің басы-қасында күні-түні болатын еңбек адамдарына берілген марапаттардың барлығы да өз иесін тапты.

Қызылорда жеріндегі «Петро-Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өндірген мұнайды қайта өңдеумен айналысатын «Петро-Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің 11 жұмысшысына берілген марапаттардың 3-еуі – медаль, 5-еуі – мақтау қағазы, ал қалған 3-еуі – алғыс хат.

Қызылорда жеріндегі «Петро-Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ы өндірген мұнайды қайта өңдеумен айналысатын  «Петро-Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-інің 11 жұмысшысына берілген марапат-тардың 3-еуі медаль, 5-еуі мақтау қағазы, ал қалған 3-еуі алғыс хат
Еңбеккерлерді марапаттау сәті

Қазіргі еңбек нарығы жұмысшының санына емес, сапасына көңіл бөледі. Қара күшке сеніп, әрекет ететін дәуір артта қалып барады. Автоматтандыру, модернизациялау жұмыстары еңбек процесінің барлық саласына тарап үлгерді. Кадрға деген сұраныс пен білікті маманды ұжымда сақтап қалуға деген қажеттілік алға шығып, жұмыс берушінің ұйқысын бөлетін ойға айналды. Қызметкеріне жағдай жасау – «Петро Қазақстан Ойл Продактстың» ескергені де осы.

37-034