Көше тақтайшалары жаңалануда

1591
Жаңаланған тақтайша

Еңбекші ауданы бойынша көше атаулары жазылған 5000-ға жуық тақтайшалар жаңаланды. Осылайша 89 көшеге көрік кіріп, атаулары тайға таңба басқандай жарқырап тұр.

Тақтайшалар ауысып жатыр
Тақтайшалар ауысып жатыр

Бұл жұмысты атқару үшін қала бюджетінен 5 миллион теңге бөлінді дейді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Аммангелдиев. Ұзындығы – 1,20, ені 20 сантиметрлік тақтайша талапқа сай жасалып, көше атауының жанына тұрғын үйдің нөмері белгіленген. «Көшесі» деген сөз үш тілде жазылған. 

Жаңаланған тақтайша
Жаңаланған тақтайша 
Жаңа тақтайшадағы өзгеріс
Жаңа тақтайшадағы өзгеріс

Бұл заманауи үлгіде жасалған тақтайша 1 жылға жарайды. Мамандар осылай деп отыр. Жұмысты «Шымкент Сәулет құрылыс» мердігер компаниясы жүргізген. Айта өтейік, Еңбекші ауданы бойынша 344 көше болса, оның 35-інің атауы жоқ.

Досалы Амангелдиев, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жаңа тақтайшалардың сапасы жіті қадағаланады. Сондай-ақ, аты жоқ көшелерге атау беру де қарастырылып отыр. Ономастика ережелеріне сай атауы қайталанған көшелерді де назарға аламыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qtsnvu7RMB8[/youtube]